АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "БІРЖАН САЛ АУДАНЫ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫ №5 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОМУННАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "КАБИНЕТ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИИ №5, ГОРОД СТЕПНЯК, РАЙОН БИРЖАН САЛ" УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ақмола облысы білім беру басқармасының «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  Біржан сал ауданы бойынша арнайы білім беру саласындағы ерекше білім кажеттілігі бар балалардың  заңды  құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын, Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік органы болып  табылады.

Өз құзыретінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мониторинг жүргізеді, жеке тұлғаларға ақпараттық, консультациялық және ата-аналар мен ерекше білім кажеттілігі бар балаларға түзету жұмысын  көрсетеді.

2023 жылда «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бойынша  1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу.

 

2023  жылы   «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бойынша  41  қызметтер көрсетілді.

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік стандарты  бойынша  қызмет саны  41.

Құжаттар пакетінің толық болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден  бас тарту саны - 17.

 «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  сапасына, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің бұзылуына  шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде ұсынылады.

Ай сайынғы негізде тұрғындарды ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қызмет берушінің БАҚ, интернет-ресурс құралдары арқылы жұмыстар жүргізіледі. «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері, сондай-ақ қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет стандарты орналастырылған. 2023  жылда 2  мақала мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Еңбекшілдер Жаршысы» аудан газет бетінде жарияланды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары инстаграмм парақшамызда тікелей эфирде жүргізілді.

Азаматтарға мемлекеттік қызметтер анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  8-71639 7-90-37 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда. ППТК-да мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары: мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар стендтер, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ұйымның сайты болып табылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған (семинар, ата-аналар жиналысы) түрлі іс-шараларды тұрақты негізде өткізіледі.

2023 жылы «Біржан  сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 ата-аналар жиналысы өткізілді.  Мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырады. Құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар белгіленген. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы болу және сапасының мониторингі жүргізіледі.

2023 жылы «Біржан сал  ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдерін бұзған жоқ.

 

 


    

https://www.instagram.com/p/CRlmkvWMa1P/?utm_medium=copy_link

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Ақмола  облысы білім басқармасының «Біржан сал  ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ ерекше білім қажеттілігі бар балаларға ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Бекітілген стандарт бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу"

3) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан
өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің нормативтік-құқықтық құжаттарында жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары бар, мемлекеттік қызмет көрсету Регламенті Ақмола облысы әкімдігінің А-6/265 11.06.2016 жылғы қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын іске асыру барысында  "дамуында ақауы бар (мүмкіндігі шектеулі) балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" ҚР білім және ғылым Министрлігінің 08.04.2015 ж № 174 бұйрығы негізінде   психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті  мемлекеттік қызмет  алушы  өтініш жасаған уақытынан бастап қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібі  Стандарттың 4 тармағына сәйкес. Мемлекеттік қызмет 0-ден 6 (7) жас аралығындағы балаларға тегін көрсетіледі.   Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы (ата-аналары немесе заңды өкілдері) Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) еркін нысандағы ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші;

2) ата-анасының (заңды өкілінің)жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);

4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы.

Ақмола  облысы білім басқармасының «Біржан сал   ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ кестеге сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негізінде, қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 9.00-ден 18.30-ға дейін қызмет көрсетеді, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

Орналасқан мекен-жайы: Степняк қаласы, А.Жакупов к-сі, 1 құрылыс.

Байланыс деректері: 8(71639) 2-10-14

 

Ақмола  облысы білім басқармасының «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, №5 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Қарлығаш Ашубасарқызы Бижанова

Жаңартылған күні: 21.08.2020 09:53
Құрылған күні: 21.08.2020 09:53

Текст