АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "БІРЖАН САЛ АУДАНЫ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫ №5 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОМУННАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "КАБИНЕТ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИИ №5, ГОРОД СТЕПНЯК, РАЙОН БИРЖАН САЛ" УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ақмола облысы білім беру басқармасының «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  Біржан сал ауданы бойынша арнайы білім беру саласындағы ерекше білім кажеттілігі бар балалардың  заңды  құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын, Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік органы болып  табылады.

Өз құзыретінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мониторинг жүргізеді, жеке тұлғаларға ақпараттық, консультациялық және ата-аналар мен ерекше білім кажеттілігі бар балаларға түзету жұмысын  көрсетеді.

2023 жылда «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бойынша  1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу.

 

2023  жылы   «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бойынша  41  қызметтер көрсетілді.

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік стандарты  бойынша  қызмет саны  41.

Құжаттар пакетінің толық болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден  бас тарту саны - 17.

 «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  сапасына, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің бұзылуына  шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде ұсынылады.

Ай сайынғы негізде тұрғындарды ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қызмет берушінің БАҚ, интернет-ресурс құралдары арқылы жұмыстар жүргізіледі. «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері, сондай-ақ қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет стандарты орналастырылған. 2023  жылда 2  мақала мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Еңбекшілдер Жаршысы» аудан газет бетінде жарияланды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары инстаграмм парақшамызда тікелей эфирде жүргізілді.

Азаматтарға мемлекеттік қызметтер анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  8-71639 7-90-37 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда. ППТК-да мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары: мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар стендтер, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ұйымның сайты болып табылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған (семинар, ата-аналар жиналысы) түрлі іс-шараларды тұрақты негізде өткізіледі.

2023 жылы «Біржан  сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 ата-аналар жиналысы өткізілді.  Мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырады. Құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар белгіленген. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы болу және сапасының мониторингі жүргізіледі.

2023 жылы «Біржан сал  ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдерін бұзған жоқ.

 

 


    

https://www.instagram.com/p/CRlmkvWMa1P/?utm_medium=copy_link

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала құқығы-адам құқығы

Әр адам –өзі өмір сүрген ортадағы қоғамның мүшесі. Әр елдің өз адамдарына арнаған Ата Заңы - Конституциясы болады. Ата Заңда жеке адамдардың құқығы мен еркі туралы айтылған.  Олай болса, өздеріңіз осы Ата-Заң туралы не білесіздер? Конституция деп сөздің өзі латынша «Жарғы»,» «Заң» «Құрылым»  деген ұғымды білдіреді. Сонымен Конституция мемлекетіміздің негізгі құқықтары мен міндеттерін тұжырымдайтын Ата Заң болып табылады.  Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 ж 28 қаңтарда қабылданып Кейін оған түзетулер мен толықтырулар енгізіп, 1995 ж 30 тамызда қабылданды. 
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948ж 10 желтоқсанда БҰҰ-ның шешімімен қабылданды. Бұл азаматтардың ерік бостандықтарын терең қарастырылған құжат.Соның жарқын дәлелі ретінде американдық азамат қайда жүрсе де Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен.Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болғанда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі. Яғни олардың заңы бойынша Конституция алдыңда Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие. Сондықтан 10 желтоқсан –Адам құқықтары күні.

Біздің өміріміздегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататын секілді. Сондықтан кейбір заңдық терминдер туралы айтып өтейік.

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әртүрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады?»деген сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады. Б.з.д Рим құқығы ІХ-ҮІІ ғ.  Б.з.д Ү ғ. «12 кесте заңы»Қытай елінде.  Шыңғыс ханның «ұлы жасасы»,Қасым ханның «Қасқа жолы»,Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

1885 жылы Абайдың «Шар ережесі». Абайдың бұл заңының мазмұны елін әділдікке жеткізу,бейбітшілік,т ыныштықты сақтайтын заңдар жиынтығы деген. Және де қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына мол үлес қосқан қазақтың ұлы үш кемеңгер биі.

Міне,құрметті ата-аналар,адамның шыр етіп өмірге келген сәтінен бастап,оның өмірін,денсаулығын және тыныштығын  қорғап отыратын заң бар екен.  Бұл заң 1948 ж 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы» екен. Және 1959 ж «Бала құқығының Декларациясы» қабылданған.. міне дәл осы декларациядан кейін 1989 ж 20 қарашада 61 ел қол  қойған «Бала құқығы туралы Конвенция» қабылданып, қазіргі таңда құрамында 191 мемлекет бар. Дәл осы Конвенция негізінде 2002 ж тамыз айнда «Балалар құқығы туралы» заң Қазақстанда қабылданды. Ол 9 тарау, 53 баптан  тұрады.

Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің федеральды қоргандарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси - құқықтық акт. Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт

Міндет – адамдар бұлжытпай  орындауға  тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап. Мораль - адамның іс-әрекетін  қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі. Құқық- қоғамдағы адамдардың  өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын  мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды  зерттейтін ғылым.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.
Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет   идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады.

 «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.

Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Н.Ә.Назарбаев: «Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны, елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз»- деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.
Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды ата - аналар, бағып - қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата - аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. ҚР - да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата - аналарды ата - аналық құқықтан және баланы бағып - қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата - аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата - ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп - бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай - ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т. б. мүмкіндік береді. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.
Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.
Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.
Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».

 

1 сұрақ: Бала әр қашан бала.

Конвенция-бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?

 

Жауап№1. Балалар-бесіктегі нәресте,бала бақшадағы сәби ,бастауыш және 5-7 сынып оқушылары, сондада болса 8 сынып оқушылары өздерін бала санамайды. Дей тұрғанмен заңдық тұрғыдан оларда бала қатарына жатқызылады.

 

2 сұрақ: 16-17 жастағы жоғарғы сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші бабын кім айтып береді?

 

Жауап№1 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.

 

Жауап№2  Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата - анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата - аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді. Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата - аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама - қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата - аналарының қалауына қарай әкесінің атына “ұлы”, “қызы” сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата - аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.

Сіздер конвенцияда көрсетілген бала құқықтарымен таныстыңыздар.

 

Қорытынды сөз:  Сонымен біз бүгінгі тақырыбымызда  мына нәрсені ойымызға түйсек артық болмас деген ойдамын. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің  құқығында бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыз тәрбиелейік.

 

 

Дайындаған:

ППТК  әдіскері     

 Ибраева М.З.

Жаңартылған күні: 19.06.2020 12:25
Құрылған күні: 19.06.2020 12:27

Текст