АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "БІРЖАН САЛ АУДАНЫ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫ №5 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОМУННАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "КАБИНЕТ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИИ №5, ГОРОД СТЕПНЯК, РАЙОН БИРЖАН САЛ" УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ақмола облысы білім беру басқармасының «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  Біржан сал ауданы бойынша арнайы білім беру саласындағы ерекше білім кажеттілігі бар балалардың  заңды  құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын, Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік органы болып  табылады.

Өз құзыретінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мониторинг жүргізеді, жеке тұлғаларға ақпараттық, консультациялық және ата-аналар мен ерекше білім кажеттілігі бар балаларға түзету жұмысын  көрсетеді.

2023 жылда «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бойынша  1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу.

 

2023  жылы   «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ бойынша  41  қызметтер көрсетілді.

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік стандарты  бойынша  қызмет саны  41.

Құжаттар пакетінің толық болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден  бас тарту саны - 17.

 «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  сапасына, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің бұзылуына  шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде ұсынылады.

Ай сайынғы негізде тұрғындарды ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат қызмет берушінің БАҚ, интернет-ресурс құралдары арқылы жұмыстар жүргізіледі. «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері, сондай-ақ қызмет алушылар үшін қажетті ақпараттар орналастырылған. Ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет стандарты орналастырылған. 2023  жылда 2  мақала мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Еңбекшілдер Жаршысы» аудан газет бетінде жарияланды. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары инстаграмм парақшамызда тікелей эфирде жүргізілді.

Азаматтарға мемлекеттік қызметтер анықтамалық-ақпараттық, құқықтық кеңес беру мақсатында «Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  8-71639 7-90-37 нөмірлі «Сенім телефоны» өз жұмысын атқаруда. ППТК-да мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары: мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар стендтер, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ұйымның сайты болып табылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған (семинар, ата-аналар жиналысы) түрлі іс-шараларды тұрақты негізде өткізіледі.

2023 жылы «Біржан  сал ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 ата-аналар жиналысы өткізілді.  Мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырады. Құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар белгіленген. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы болу және сапасының мониторингі жүргізіледі.

2023 жылы «Біржан сал  ауданы, Степняк қаласы, № 5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдерін бұзған жоқ.

 

 

мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізген қоғамдық мониторинг


    

https://www.instagram.com/p/CRlmkvWMa1P/?utm_medium=copy_link

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен түзету кабинетінде жұмыс

Аутистік спектр бұзылыстары бар балалармен түзету кабинетінде жұмыс

Соңғы жылдары аутистік спектр бұзылыстары (АСБ) бар балаларға сапалы көмек көрсету мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр. Түзету жұмысының тиімділігі көбінесе дұрыс ұйымдастырылған ортаға, мамандардың кәсіби даярлығына және әрбір балаға жеке көзқарасқа байланысты.

Түзету кабинеті — бұл АСБ бар балалардың танымдық, коммуникативтік және мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылған кеңістік. Маңызды шарттардың бірі — ортаның құрылымдалуы: аймақтарға нақты бөлінуі (оқу аймағы, демалыс аймағы, сенсорлық аймақ) балаға кеңістікте жақсы бағдарлануға және мазасыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі.

АСБ бар балалармен жұмыс жүйелілік, бірізділік және дараландыру қағидаттарына негізделеді. Мамандар (дефектологтар, логопедтер, психологтар) әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады, соның ішінде қолданбалы мінез-құлық талдауы (ABA), визуалды қолдау (карточкалар, кестелер), сенсорлық интеграция және ойын технологиялары.

Коммуникацияны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сөйлемейтін балалар үшін баламалы және қосымша байланыс құралдары (PECS, ым-ишара, визуалды белгілер) қолданылады. Біртіндеп әлеуметтік өзара әрекет дағдылары қалыптасады: байланыс орнату, бірлескен әрекет, эмоцияларды түсіну.

Түзету жұмысы сондай-ақ жағымсыз мінез-құлықты азайтуға және бейімделу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл нақты марапаттау жүйесі, сабақтардың болжамдылығы және тапсырмаларды біртіндеп күрделендіру арқылы жүзеге асырылады.

Маңызды құрамдас бөліктердің бірі — ата-аналармен өзара әрекеттесу. Отбасына кеңес беру және оқыту бала кабинетте меңгерген дағдыларды күнделікті өмірде бекітуге мүмкіндік береді, бұл түзету жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Осылайша, АСБ бар балалармен түзету кабинетінде жұмыс кешенді тәсілді, мамандардың пәнаралық өзара іс-қимылын және отбасының белсенді қатысуын талап етеді. Тек осы шарттар сақталған жағдайда ғана баланың дамуында тұрақты оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.


Текст